06.09.2024, 11:09
Мәдениет
Димаш Құдайберген Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында ән айтады
Астанада өтетін Халықаралық жарыс 8 қыркүйек күні басталады
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Жексенбі, 8 қыркүйек күні Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатының алдында үлкен концерт өтеді. Концертті халық әртісі, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген музыкалық композициямен аяқтайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал, ойындардың ресми ашылу салтанаты кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған. Концерттік бағдарламаға бас-аяғы 3000 өнерпаз қатысады деген болжам бар. Көшпенділер ойынының ашылу салтанатындағы концерт те, ресми бағдарлама да бірнеше телеарнадан тікелей трансляцияланады.
Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада Орталық Азия көшпелі халықтарының дәстүрлерінен бастау алатын ұлттық спорт түрлеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды