Жамбыл фильмінің операторы Оскар жүлдесінде дауыс беретін болды

Автор: Azattyq Rýhy

Еркінбек Птырәлиев қазан айынан бастап Оскар академиясының мүшесі болмақ

Фото: Еркінбек Птырәлиевтің парақшасынан

Қазақстандағы кинооператор, «Жамбыл» фильмінің қоюшы операторы Еркінбек Птырәлиев атақты Оскар академиясының мүшесі атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл үлкен жаңалықты Еркінбек Птырәлиев әлеуметтік желідегі парақшасына жазған және академияның шақыруын суретке түсіріп, салған.

«Оскар академиясының мүшесі екенімді мақтанышпен жариялаймын! Бұл мен үшін үлкен құрмет және кино әлеміне қосқан үлесімді мойындау. Мен әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрияның ең жақсы өкілдерін біріктіретін осындай беделді ұйымның бір бөлігі болудың керемет мүмкіндігіне ризамын», - деп жазды оператор.

Оскар академиясының жіберген хатындағы мәліметке сүйенсек, Еркінбек Птырәлиев осы жылдың қазан айынан бастап академияның жарнасын төлеуі керек.

Тегтер: