Дорама 8 сериядан тұрады
«Менің Алтайым» телехикаясы Қытайдың Орталық CCTV-1 телеарнасында прайм-таймда көрсетіліп, қаралым бойынша рейтинг кезеңінде бірінші орынға шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Менің Алтайым» 2010 жылы танымал жазушы Ли Цзуань басып шығарған осы аттас эсселер жинағынан құралған. Телехикая Алтайда шағын дүкен ашқан Хань қызы Ли Вэньсю мен оның жанұясының жергілікті қазақ малшыларымен байланысы туралы баяндайды.
Бұл шағын сериял Шыңжаңның Алтай аймағында түсірілген және ондағы көркем пейзаждар туындының бірегей белгісіне айналды. Кинодағы көркем табиғат көріністері, бай және қайталанбас халық мәдениеті, қарапайым және мұқият өмір философиясы көптеген көрерменді қызықтырды, сонымен қатар желі қолданушыларының назарын Алтайға аударды.
«Соңғы бірнеше күнде Алтайға жеке шағын топтар көбірек келе бастады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мыңға жуық адамға көп», - деді Хуаюнь Мәдени туризм тобының Алтай аймағындағы басшысы Чжан Сюй.
Ол 20 жылға жуық уақыт бойы осында мәдени туризммен айналысып келеді. Оның айтуынша, өткен жылдардың мамыр айында Шыңжаңға келген шағын топтағы туристердің көпшілігі Шыңжаңның оңтүстігін немесе Ілені таңдаған. Шыңжаңның солтүстігінде орналасқан Алтай осы маусымда басты бағыт саналмайтын.
Алтай аймақтық Мәдениет-спорт-телевидение-туризм бюросы директорының орынбасары Ли Юаньхао «Алтай туристік ресурстарға өте бай, келіп сезініп көруге әбден татиды», - дейді.
Ли Юаньхао «Менің Алтайым» сериялымен ұштастыра отырып, жергілікті жерде жаңа туристік маршрут іске қосылатынын айтты.
«Түсірілім болған Қаба ауданында телехикаядағы Чжан Фэнсиа дүкеніне, «Жалғыз ағашқа» және жазғы жайлауға баруға болады. Сондай-ақ Шіңгілдегі жабайы қасқыр тауына барып, экологиялық мәдениетті сезінуге болады», - деді ол.
Алтай аймағы Алтай тауларының оңтүстік етегінде, Жоңғар ойпатының солтүстік шетінде орналасқан, Ресеймен, Қазақстанмен, Моңғолиямен шектеседі.
www.people.com.cn хабарлағандай, бұл өлкеде Алтай тауы, Ертіс өзені (Қытайдағы Солтүстік мұзды мұхитқа құятын жалғыз өзен) және бірқатар өзге де ұлттық көрікті жерлер бар.
Бұл ғана емес, Алтай әлемдегі шаңғы тебудің алтын ендік сызығында, солтүстікке қарай 47 градус жерде орналасқан. 2018 жылы Бейжіңде Қысқы Олимпиада ойындары мүмкіндігін пайдалана отырып, жергілікті аймақ қар алқаптарын біркелкі өзгертіп, жаңартып, бірегей қар-мұз ресурстарын қар және мұз шаруашылығына айналдырады.