BAFTA: «Мариупольдегі 20 күн» фильмі үздік атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Лондонда Британдық кино және телевизиялық өнер академиясының марапаттау рәсімі өтті

Фото: REUTERS

Лондонда BAFTA Британдық кино және телевизиялық өнер академиясының марапаттау рәсімі өтті. Украиналық «Мариупольдегі 20 күн» фильмі «Үздік деректі фильм» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Кристофер Ноланның «Oppenheimer» блокбастері ең көп – 7 номинацияның иегері атанды. Оның ішінде «Үздік фильм», «Үздік актер» және «Үздік режиссер» марапаттары бар. Екінші орында «Poor Things» фильмі 5 номинация бойынша үздік деп танылды.

«The Zone of interest» тарихи драма жанрындағы фильм 3 номинация бойынша марапатталды.