Іс-шара «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің 45 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 98 жылдығына арналды
Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде «Әлия Гүлі» достарын қарсы алады-2023» ІХ балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған ашық би фестивалі өтті. Фестиваль «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің 45 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 98 жылдығына арналған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ФестивалЬ мақсаты – Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етудің би өнерінің рөлі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту, өзара достық нышандарын қалыптастыру.
Фестиваль құрылтайшылары және ұйымдастырушылары: Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ; Қалалық мәдениет үйі; «Халықтық ұжым» «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблі.
«Фестивальге Ресейден, Татарстаннан, Башқұрстаннан, Қырғызстаннан, Қазақстан Республикасының әр аймағынан, атап айтқанда, Тараз, Орал, Атырау, Ақтау қалаларынан 13 ұжым, ал Ақтөбе облысының қала және аудандарынан 11 би ұжымдары қатысты Фестиваль қатысушылары өз өнерлерін ортаға салды, тәжірибе алмасты. Қатысушыларға барлық жағдай жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ көрермендер фестиваль қонақтарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Фестиваль дөңгелек үстел, тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттары формасында өткізілді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 24 қарашада кешкі сағат 18.00-де «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына арналған концерттік шара өтті. Бұл шарада осы ұжымның алғаш құрылған уақыттағы мұрындық болған басшылар, өнер қайраткерлері мен ардагерлер қатысты. Және де 1998 жылы құрылған ансамблдің бишілері өз өнерлерімен атсалысты. Фестивальдің жабылу және марапаттау салтанаты 25 қараша күні өтті. Жабылу салтанатында барлық фестиваль қатысушыларына қалалық мәдениет үйінің директоры Дәрібаев Мұратбек Байбосынұлы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.