Димаш Құдайберген Қытай мен Орталық Азия елдері басшыларының алдында өнер көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Видеодан кадр

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылардың салтанаттты кездесуі өткен өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сиань қаласындағы Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өткеннен кейін, сарай алдындағы алаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев театрландырылған қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ аталған көшбасшылар әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әнін тыңдады.