$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2020, 12:21
Мәдениет

Алтын адамның шеруі Үндістанда жалғасады

Нью-Делидегі көрме 1 айға жалғасады

Алтын адамның шеруі Үндістанда жалғасады

Нью-Дели қаласында Үндістан Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Рухани Жангыру» бағдарламасы аясында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында 18 наурыз-19 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

«Үндістан Ұлттық музейіне ұсынылған көрмеден киімі алтын жапсырмалы және жебе, қар барысы, арқар, жылқы және құс түріндегі алтын тілімшелер әшекейлеп тұрған конус пішінді ерекше бас киімді Алтын адамның реконструкциясын және осы жас ақ сүйек сақ жауынгерімен (археологтардың пікірлері бойынша 17-18 жастар шамасында) бірге жерленген ерте темір ғасырының (б.д.д V-IV ғғ.) археологиялық олжаларының коллекциясын тамашалауға болады», - делінген хабарламада.

Есік Алтын Адамы – халықаралық көрме жобасының аясында әлемнің 12 музейінде ұсынылған Қазақстан Ұлттық музейінің басты жәдігері. Көрме Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Солтүстік Македония, Түркия, Малайзия және Грекияда үлкен жетістікпен өтті.

Серіктес жаңалықтары