$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2023, 11:29
Мәдениет

Қазақстандық профессор әлемнің ең беделді ғалымдарының тізіміне енді

Сәрсенбек Монтаев бүгінде БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр

Қазақстандық профессор әлемнің ең беделді ғалымдарының тізіміне енді
Фото: gov.kz

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары жасаған. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады. 

«Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы», - делінген ҚР АШМ хабарламасында.

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Айта кетсек, Сәрсенбек Әлиакбарұлы Монтаев 1959 жылы 15 желтоқсанда дүниеге келген. Техника ғылымдарының докторы, профессор. 2001 жылдан Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Индустриалды-технологиялық институтын басқарады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ғалым #профессор