Фестиваль 30 мамыр мен 4 маусым аралығында өтеді
«Астана кештерi» халықаралық өнер фестивалі аясында 30 мамыр мен 4 маусым аралығында 4 концерт қойылады. Олар «Астана опера» мен «Астана балет» театрларында өтеді. Бұл туралы фестивальдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Өнер сүйер қауымға зор қуаныш сыйлайтын халықаралық фестивальдің ұйымдастырушысы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дегдар» гуманитарлық қоры. Билеттерді тегін алу үшін +7 778 388 7107 нөміріне хабарласуға болады», - дейді ұйымдастырушылар.