Мюнхендегі қазақ сержанты туралы фильм жақында прокатқа шығады

Автор: Эльмира Мәмбетқызы

Фильмдегі басты рөлді Шәріпбек Зәкіров сомдаған

фото: kazakhcinema.kz

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы «Нартай» фильмінің ресми трейлерін ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл өз Отанының патриоты, қазақ сержанты Нартай Сапарғалиев туралы оқиға. Тағдырдың жазуымен ол 90- жылдардың ортасында ГДР-ге келеді.

«Жарқын әрі көңілді кейіпкеріміз жат жерде өзіне достар тауып, керемет батылдық пен тапқырлық көрсете жүріп, Мюнхеннің басты алаңы – Мариенплацте әртіс ретінде ақша табады. Алдынан кездескен әрбір адамға көмек қолын созып, көмектеседі», делінген хабарламада.

Фильмдегі басты рөлді Шәріпбек Зәкіров сомдаған.

 Картина 5 мамырдан прокатқа шығады.