Абай мерейтойына арналған шаралардың салтанатты ашылу рәсімі 2020 жылдың 21 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді
Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың хабарлауынша, Абайдың 175 жылдығына арналатын алғашқы ақындар айтысы елордада болады.
«Мерейтой аясында «Ұлы даланың ұлы ақыны» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Биыл ақындар айтысы көп өңірлерде өтеді деп жоспарлануда. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 8 ақпан күні ақындар айтысы басталып, ол әр өңірде жалғасады. 8 ақпан күні айтыс Нұр-Сұлтан қаласында өтеді», - деп хабарлады вице-министр.
Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан