Димаш Құдайбергенді Сочидегі жанкүйерлері ерекше қарсы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Жанкүйерлер арасында Димашты әуенмен қарсы алу дәстүрге айналған

скриншот: видео

19 тамызда Сочиде «Жаңа толқын» фестивалі басталады. Димаш Құдайберген Адлер әуежайына келіп, қазақстандық әншіні Сочидегі жанкүйерлері мен курорт қонақтары ерекше қарсы алды.

Жанкүйерлер арасында Димашты әуенмен қарсы алу дәстүрге айналған. Бұл жолы Адлер әуежайында жанкүйерлер глюкофон аспабында ойнады. Жапырақ тәрізді барабан дыбысы мен және қоңырау сыңғыры ерекше әсерге бөледі.

Әуежайдан әуенмен қарсы алған жанкүйерлерден Димаш өзін таңқалдырған аспап туралы сұрап, олармен кездескеніне шын көңілімен қуанғанын айтты. Ал жанкүйерлер оған фестивальдің әр концертіне баруға уәде етті.