«Лука» - қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа шығатын 37-ші фильм
16 маусымда сағат 19:00-де Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Disney/Pixar студиясының қазақ тіліне дубляждалған «Лука» фильмінің алдын ала көрсетілімі болады. Бұл туралы «Болашақ» корпоратив қорының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Лука» - қазақ тіліне дыбысталып, мемлекеттік тілде отандық кинопрокатқа шығатын 37-ші фильм. Фильмнің премьерасы 17 маусымда.
Голливуд киностудияларының отбасымен бірге қарауға арналған фильмдері «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалды.
Жоба серіктесі: KINOPARK кинотеатрлар желісі. Фильм дубляжының демеушісі – BI Group компаниясы. Нұр-Сұлтан қаласындағы алдын-ала көрсетілім «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізіледі.