София Ротаруға Қазақстанда өнер көрсету үшін 43 млн теңге ұсынған

Автор: Azattyq Rýhy

Алайда, әнші бұл ұсыныстан бас тартыпты

© Instagram.com/sofiarotaru.official

София Ротару таяуда ірі гастрольдік турға немесе жекелей бір шараларға шығуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы әншінің концерт директоры Сергей Лавров айтты, деп жазады Тengrinews.kz "Газета.Ru" сайтына сілтеме жасап.

Лавровтың айтуынша, Ротару өнер көрсетуі үшін алдымен оны көндіру керек екен.

"Оның жасындағы әріптестерінің қайсысы сондай гастрольдік сапарларда жүр?.. Сол себепті София Михайловна Ресей түгілі, әлем бойынша да гастрольге шыққысы келмейді", - дейді Лавров.

Әнші 2021 жылы Германияда 14 концерт береді екен, сол себепті көптеген турлардан бас тартып, концертке дайындалып жатқан көрінеді.

София Ротаруға Қазақстанда жаңажылдық кешті өткізу үшін 100 мың еуро (шамамен, 43 миллион теңге) ұсынылған екен. Алайда, әнші бұл ұсыныстан бас тартыпты. "Әртіс тез ұшып баруға ыңғайлы жерлерге ғана барады" дейді Лавров.