Әлия Назарбаева кітап жазып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кітаптың атауы мен шығатын уақыты белгілі болды

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева кітап жазып жатыр. Кітапта автордың өміріндегі оқиғалар мен балалық шақтағы естеліктер топтастырылады. Автордың хабарлауынша, кітап биыл күзде шығады.

«Кітаптың атауы - «Место силы». Кітап 2021 жылдың қыркүйегінде шығады. Көрнекілік ретінде кітапқа бұған дейін жарияланбаған фотолар енеді», - деп хабарлады.

Еске салайық, 5 сәуірде Әлия Назарбаева «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды. Кеңес құрамына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері енді.