Министр қол қойған тізімге 27 елдің 207 университеті енді
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығы бойынша тізімге 27 елдің 207 университеті енді.
Олардың арасында Йель, Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Джонс Хопкинс университеті, Ёнсе, Цюрих, Массачусетс технологиялы университеті сияқты бірқататр әйгілі оқу орындары бар. Оқу ұйымдарының толық тізімімен мына жерден танысуға болады.
Халықаралық бағдарламаға ұсынылатын шетелдік оқу орындары мен ұйымдар 3 халықаралық академиялық рейтингке кіруі және кемінде 2 рейтингтің алғашқы 250-ші позициясында тұруға тиіс.
Салыстырмалы түрде айта кетсек, 2020 жылы бұл тізімге 138 жоғары оқу орны кірген болатын.
Айта кетсек, конкурсқа құжат 4 мамыр мен 28 қазан аралығында 73 мамандық бойынша қабылданады. Конкурс 1 маусым мен 30 қараша аралығында өтеді.