Атауы ауысатын көшелердегі аншлагтарды ауыстыру демеушілер есебінен жүргізіледі
Қалалық мәслихат депутаттары сессия барысында ономастикалық комиссия ұсынған 23 көшенің жаңа атауын бірауыздан қолдады.
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева өңір тұрғындары тарапынан әртүрлі тұлғалардың құрметіне көше атауларын беруге қатысты ұсыныстар түсетінін, алайда олардың барлығы ережеге сай келмейтінін атап өтті.
«2020 жылы енгізілген мораторийге байланысты облыс тұрғындары мен еліміздің басқа да өңірлерінің тұрғындары тарапынан бірқатар көше атауларын ауыстыруға қатысты 70-тен астам өтініш түсті. ҚР 2014 жылғы қаулыға сәйкес, көпшілік тыңдау өткізілді. 7 көше бойынша идеологиялық маңызы бар ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттілігіне байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. 23 көше қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылды, - деді Светлана Гладышева.
Қала басшысының орынбасары атауын өзгертуге ұсынылған көшелерде аншлагтарды ауыстыру демеушілер есебінен қарастырылғанын жеткізді. Әрі қарай құжаттар республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі.
Қайта атауға ұсынылған көшелердің тізімі келесідей: