ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті – Тоқаев

Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толды

көрнекі сурет: qazaqtimes.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай жазған Twitter желісінде жазба қалдырды.

«Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті», - деп жазды ол.

Ә.Бөкейханов 1870 жылы наурыздың 5-і күні бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.