Юрий Дудь талантты қазақстандықтардың тізімін жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Ресейлік журналист «Қазақстан шығармашылық жағынан бәрін басып озды» деп есептейді

Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Ресейлік танымал журналист, видеоблогер Юрий Дудь қазақстандық әзілкеш Евгений Чебатковпен сұхбат құрып, дарынды қазақстандықтар тізімін көрсетті.

Юрий Дудьтің тізіміне режиссерлерден - Айсұлтан Сейітов, Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Қуаныш Бейсеков, музыканттардан - Скриптонит, Jah Khalib, МЧТ, IMANBEK, Димаш Құдайберген, Zoloto, 104, Truwer, M'Dee, The Limba, Dequine, Niman, Кисло-Сладкий & Bonah, ИК, Alphavite енген.

Ал, әзілкештерден - Нұрлан Сабуров, Евгений Чеботков, Вячеслав Никифоров, Медет Қалибеков, Ғалым Қалиақбаров және Біржан Қабылбаев.

 

Еске сала кетейік, танымал журналист бұған дейін Скриптонит, Jah Khalib, Айсұлтан Сейітов, Нұрлан Сабуров сынды қазақстандықтардан сұхбат алған.