Оңтүстік Кореяның Шет тілдер университетінде Қазақстанға арналған қазіргі заманға сай оқулықтар мен кітаптар жетіспейді екен
Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы кітаптар Оңтүстік Кореяның Шет тілдер университетінің қорына қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Университетке Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі туралы корей және ағылшын тілдеріндегі басылымдарды еліміздің Сеулдегі елшілігінің қызметкерлері ұсынды.
Хангук университетінің Орталық Азия факультетінде 2004 бастап қазақ тілі, еліміздің мәдениеті мен саясаты зерттеледі. Педагог Әлия Күрішжанның айтуынша, бұл оқу орнында Қазақстанға арналған қазіргі заманға сай оқулықтар мен кітаптар жетіспейді. Сондықтан студенттер ақпаратты Интернеттен іздеу мәжбүр. 15 жыл ішінде Хангук университетін Қазақстанды жақсы танитын жүздеген маман бітірген. Олардың әрқайсысының қазақша екінші есімі бар екен.
«Менің әкем қазақ елінің экономикасы болашақта жақсы болады деп айтатын. Сондықтан мен әкемнің кеңесі бойынша кейін осы факультетке түсіп, оқып жатырмын. Мен болашақта Қазақстан мен Корея арасында аудармашы болып жұмыс істесем деймін»,- дейді Хангук шет тілдер университеті Орталық Азия факультетінің студенті Чжон Джи Мин.