Кеңестік және ресейлік танымал актер Андрей Мягков қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Актердің неден қайтыс болғаны белгісіз

фото: tass.ru

«Ирония судьбы или с легким паром», «Служебный роман», «Жестокий романс» сынды фильмдерде басты рөлдерді сомдаған актер Андрей Мягков 83 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Кеңестік және ресейлік танымал актер Андрей Мягков 1938 жылдың 8 шілдесінде Санкт-Петербор қаласында дүниеге келген.

Андрея Мягков көрерменнің есінде Эльдар Рязанов режиссерлік еткен «Ирония судьбы или с легким паром», «Служебный роман», «Жестокий романс» секілді фильмдердегі рөлімен қалды.