Әншінің ресми арнасына жазылушылар саны 1,2 миллион адамға жеткен
Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасы «алтын батырмаға» ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің аталмыш әлеуметтік желідегі ресми арнасына жазылушылар саны 1,2 миллион адамға жеткендіктен, оған YouTube-тің арнайы «алтын батырмасы» табыс етілді.
Димаш осы қуанышты жаңалығын Іnstagram-дағы парақшасында өз жанкүйерлерімен бөлісті.
«Құрметті достар, бұл бейнетаспаны түсіріп отырған мақсатым, сіздерге алғыс айтсам деймін. Біздің YouТube арнамыздың оқырмандар, көрермендер саны 1 миллионнан асып, осындай «алтын батырма» алып, тамаша марапатқа ие болдық. Ең алдымен менің өнеріме баға беріп, әрқашан «Осы баланың болашағы жарқын болсын» деп тілеуімді тілеп жүретін әлемдегі әрбір тыңдарманыма шын жүректен алғыс айтқым келеді», - деді Димаш.
Ол сондай-ақ, шығармашылығына қолдау білдіріп жүрген ұжымы мен жақындарына да зор алғысын білдірді.
«Осы сәтті пайдаланып, шығармашылығыма ерекше атсалысып жүрген ұжымыма, менеджерлеріме, әрине, ата-анама туған-туыс, ағайын-бауырларыма, жерлестеріме үлкен рахмет айтамын», – деді әнші.