Елордада «Мұқағали Мақатаевқа арнау» байқауының жеңімпаздары марапатталды

300-ге жуық жасөспірім атсалысқан сайыста 30-ға жуық қатысушы іріктеліп алынды

Елордада «Мұқағали Мақатаевқа арнау» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай арнайы жиын өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рухани кездесу Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйытқы болуымен өтті.

Шараға Мұқағали Мақатаевтың қызы Алмагүл және немересі Роза видеосәлемдемелерін жолдап, ел болшағы – жастарға ризашылығын білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара биік тұлға, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 90 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке әрбір қазақтың шаңырағындағы мереке деп ойлаймыз. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өздерінің сиясы кеппеген өлең жырларын ақынға арнап, сіздерге ұсынып отыр. Шара негізінен Мақатаевтың 90 жылдығына арналған инстасайыс ретінде жарияланған болатын. Қазіргі таңда бұл сайысқа 200-300-ге жуық жасөспірім атсалысып, соның ішінде 30-ға жуық қана қатысушы іріктеліп алынды», – деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Шара барысында «Мұқағали Мақатаевқа арнау» инстаграм байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың жеңімпазы ретінде №16 мектеп оқушысы Әмина Түгел атанды. Жүлдегерлер қатарына №74 мектеп оқушысы Ақнұр Тұяқбай және №66 мектеп оқушысы Аяжан Мейрамбек ілікті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.