$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2021, 16:53
Мәдениет

Ринат Зайытов жаңа қызметке тағайындалды

Зайытов басқаратын театрға бұған дейтін танымал актер Ерлан Біләл жетекшілік еткен

Ринат Зайытов жаңа қызметке тағайындалды

Алматы қаласындағы «Алатау» театарының жаңа директоры тағайындалды. Қалалық мәдениет басқармасына қарасты дәстүрлі өнер театры басшылығына айтыскер ақын Ринат Зайытов барды. Бұл туралы ақын Серікзат Дүйсенғазы хабарлады.

«Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрына Ринат Зайытов інім директор болды деген жақсы хабар естіп отырмын. Құтты болсын! Жұмысыңа сәттілік тілеймін, Ринатжан!», - деп жазды айтыскер.

Театр басшысын ұжымға таныстыруға Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев барған.

2016 жылдың 18-тамыз күні Алматы қаласының 1000 жылдығына, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК ашылды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры» Б. Момышұлы мен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алатау ауданында орналасқан дәстүрлі өнер театры көркем ғимаратымен ерекшеленген. 724 орындық концерт залы, қосымша 154 орындық қызыл және 98 орындық көк залы бар. Озық архитектуралық үлгідегі, заманауи технологиялармен жабдықталған нысан 2014 жылы Алматы қаласының индустриалды-экономикалық даму бағдарламасы негізінде бой көтерген болатын. Мәдени орталықтың жалпы аумағы 2,034 га құрайды, 3 қабатты ғимараттың алаңы 11515,9 шаршы метр.

Алатау ауданында орналасқан өнер ұжымына бұған дейін фольклортанушы Берік Жүсіп және театр актері Ерлан Біләл жетекшілік еткен.

Серіктес жаңалықтары