09.02.2021, 10:00
Мәдениет
Тоқаев: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі
Ақиық ақынның туғанына - 90 жыл
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толған мерейтой Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той», - деп жазды ол.
Ақын 1931 жылдың 9 ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды