2022 жылы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент қазақтың бұлбұл әншісінің есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды

 

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әнші Роза Бағланованың есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы.

Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым», - делінген Президенттің жазбасында.