Қазақ әншісі аталған байқауда екінші орынды иеленді
Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алған Ержан Максимді даңқты әнші Димаш Құдайберген құттықтады.
Димаш өзінің Instagram-парақшасында қазақ әншісінің бұл жүлдесін «алтынға» пара-пар екенін жазған.
«Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес мен үшін бірінші орын деп білемін! Жарайсың балапан», - деді Д.Құдайберген.
Еске салайық, кеше Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Ержан Максим екінші орын алған болатын. Байқаудың финалдық кезеңіне 19 елдің өкілдері қатысты.