Ержан Максим Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірінші орын - Польша, үшінші орын Испания әншілеріне бұйырды

Sputnik Казахстан

12 жастағы қазақстандық әнші Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды.

Айта кетейік, байқаудың финалдық кезеңінде 19 елдің әншілері өзара сайысқа түскен болатын. Жерлесіміз «Арманнан қалма» деген әнімен Қазақстанның намысын қорғады.

Әділ қазылар алқасы мен көрермендердің онлайн дауыс беруі нәтижесінде, Ержан 227 балл жинап, екінші орынға тұрақтады. Ал, бірінші орын жергілікті әнші қыз Виктория Габорға (278 балл) бұйырды. Үздік үштікті испандық әнші Мелани Гарсия иемденді.