Қаладағы бірқатар мекеменің атауы өзгерді
Шымкент қаласының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және атауын өзгерту туралы Үкімет қаулысы шықты.
Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 72 жалпы орта білім беретін мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді.
«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана КММ болып, Хамза атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектептің атауы Сабыр Рақымов атындағы №53 жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Үкімет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сағадат Нұрмағамбетов (1924-2013 ж.ж) - әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қораныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.