Олимпиада чемпионы 2020 жылдың тамыз айында 69 жасында дүниеден өтті
ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жек» сарайы 2019 жылы ашылған. «Жекпе-жек» сарайында балалармен қатар ересектер де жаттыға алады.
«Сондай-ақ бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінің бәрінен халықаралық жарыстар өткізуге де болады. Ал спорт залы 5 мың адамға арналған. Сонымен қатар 25 метрлік бассейн, фитнес-орталығы, қонақүй мен шағын футбол алаңы да бар», - делінген хабарламада.
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың тамыз айында 69 жасында дүниеден өтті.