Павлодарлық жас математик 27-ші халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін иеленді

Автор: Azattyq Rýhy

Жас зияткерлер өзге елдердің мықты оқушыларымен бәсекеге түсті

Қазақстан құрама командасының құрамындағы оқушылар математика пәнінен XXVII халықаралық «Туймаада» олимпиадасына қатысты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Жас зияткерлер Ресей, Румыния, Болгария, Сингапур, Иран, Тәжікстан және басқа елдердің мықты оқушыларымен бәсекеге түсті. Павлодар облысының атынан ел құрамасына 4 оқушы кірген еді. Олимпиада екі күн бойы екі турда өтіп, жеке біріншілікте жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды», - деді білім беру басқармасында.

Олимпиада қорытындысы бойынша Абай атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Айжан Кенжебаева қола медальға ие болды. 

Ал №8 мектеп-лицейінің оқушылары – 11-сыныптың оқушысы Иван Уколов пен 8-сынып оқушысы Владимир Роговский Құрмет грамоталарымен марапатталды.