Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Финал жеңімпазының есімі ертең белгілі болады

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та өтіп жатқан әйгілі America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті.

14 жастағы әнші Sia-ның «Alive» әнін орындады.

«Бұл өте күрделі композиция. Дайындыққа уақыт тығыз болғанына қарамастан, осы әнге тоқталдық. Маған қолдау білдірушілерге рахмет», - деді қазақстандық жас өнер жұлдызы.

Бүгіннен бастап финалда өнер көрсеткен жас орындаушыларға дауыс беру басталды. Дауыс нәтижесі 24 қыркүйекте белгілі болады.

Жалпы, финалған 10 әнші қатысты. Оның алтауы – әртүрлі жастағы жас орындаушылар. Айта кетейік, America’s Got Talent шоуының 15-ші маусымы осы жылдың мамыр айында басталды.