Қазақстан музыка, театр мен заманауи өнер бағытында өз өнерлерін көрсетеді
Қазақстандық әртістер онлайн форматта өтіп жатқан халықаралық Ost Anders 2020 фестиваліне қатысты.
Ost Anders неміс фестивалі өз жұмысын 2005 жылы Нюрнберг қаласында бастады, оның мақсаты Шығыс пен Батыс мәдениетін байланыстыру еді. Фестиваль ұйымдастырушысы Vaha Candolucky айтуынша, карантинге байланысты 2020 жылы фестиваль диджитал-форматқа ауысты:
«Біз өз жобамызды мемлекеттік әлеуметтік-мәдени қорға ұсынып, жеке әртістер үшін бейнежазба мен саунд-продакшнге жартылай мемлекеттік грант алдық. Бұл кішкене қаражат, сонда да бұл бізге көпшілікті жаңа әртістермен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұрын бізде Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден арт-жобалар болған. Осы жылы да алғаш рет біз жобаға қатысу үшін Қазақстаннан әртістерді шақырдық».
Қазақстан музыка, театр мен заманауи өнер бағытында өз өнерлерін көрсетеді. Соул мен джаздың заманауи дыбысталуын сүйетіндер үшін «Nasia from asia» джаз музыкалық жобасы, «Qursarina» - Acid, breakbeat және electro стильдерінің араласуы, таңғажайып әнші Marty Crown көрнекті вокалымен – фестиваль көрермендері қазақстандық музыканы басқа қырынан таныды. Алайда дәстүрлі фольклорды ұнататындар үшін де вокалистердің, мульти-аспапшылардың және электронды музыканың қатысуымен органикалық, сонымен бірге қазіргі джем-сешн жазылды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап продюсер Динара Әмірқұлова әртістердің карантинге қарсы шараларға қатысуын дайындап ұйымдастырады. Осы жылдың сәуір айында қазақстандық 20 диджей Динара мен Ален aka Greendoxyn ұйымдастырған Stayhome Dj Session жобасына қатысты. Жоба барысында қайырымдылықтан түскен барлық қаражат карантиннен зардап шеккендерге, яғни Алматы қаласының көпбалалы отбасы мен аз қамтылған тұрғындарына арналған азық-түлік себетіне жұмсалды. Жарты жылға созылған оқшаулаудан кейін енді әртістердің өзіне қолдау көрсету керек және ең бастысы – бұл шығармашылық жоба. Динараның айтуынша, ost Anders фестивалін ұйымдастырушылар қазақ музыкасы мен музыканттардың, суретшілердің энергетикасына таңдануда, фестивальда Умберто Эко бойынша ARTиШОК театрының «Ұсқынсыздық тарихы» перфомансы ерекше назарға ілінді.
Динара Әмірқұлова, продюсер:
«Біздің әртістер онлайн-трансляцияда өнер, бейнежазбалар көрсетіп қана қоймай, artist talk жобасына да қатысты. Мысалы, Анастасия Тарасова пандемия кезіндегі ARTиШОК театрының жоспары мен жобасы туралы айтып берді. Қазақстандық әртістерге оң пікірлер мен жақсы лебіздер көптеп айтылды. Ал біздің джаз әншісін Nasia from Asia жобасымен келесі ost Anders фестиваліне шақырып қойды. Бұл фестиваль Германияда енді оффлайн форматта өтеді деп сенеміз».
«Digital Lieve from Kazakhstan» 3D-көрме жұмысы өз жұмысын 10 қазанда аяқтайды. Фестиваль барысында түсетін барлық донаттар әртістерге қолдау көрсету үшін бөлінеді.