25.08.2020, 21:34
Мәдениет
Румынияда камералық оркестр Абай шығармаларын орындады
Аспаптық концерт Румыниядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында өтті
Румынияда камералық оркестр ұлы Абайдың музыкалық шығармаларын орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазақ композиторы мен ақынының жауһарлары тарихи аймақта, Трансильванияның астанасы Клуж-Напока қаласында шырқалды. Аспаптық концерт Румыниядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында өтті. Сондай-ақ, ел тұрғындарын қазақстандық суретшілердің жұмыстарымен таныстырып, қазақ халқының тарихы туралы бірнеше фильм көрсетілді. Олардың арасында «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Шыңырау» және «Құнанбай» фильмдері бар.
Айта кетерлігі, румын оркестрінің әлеуметтік желілердегі парақшасында ұлы қазақ ойшылының шығармалары жазылған ролик 5 мыңға жуық рет қаралды.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 11:01
Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасын бақылайтын мемлекеттік комиссия құруды тапсырды
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды