Түркістан келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады

Автор: Асыл Арман

Қасым-Жомарт Тоқаев Х желісінде арнайы жазба жариялады

Фото: Azattyq Rýhy

Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ISESCO) шешімі жайлы Х желісіндегі жазбасында жариялады.

«ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады», – деп жазды президент.