Олардың арасында Бразилия, Түркия, Испания елдерінің жазушы, ғалымдары бар
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда сіңірген еңбегі үшін бірқатар жазушы, аудармашы, ғалымдарды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғандар:
Америко Эдельсио – Флуминенсе федералдық университеті шет тілдері орталығының оқытушысы, Бразилия Федеративтік Республикасы;
Ганем Халед Ас-Саид – Уақыптар министрлігінің департамент директоры, Мысыр Араб Республикасы;
Кибар Зафер – жазушы, Түркия Республикасы;
Кошут Леонард – әдеби редактор, Германия Федеративтік Республикасы;
Манн Джейн – Кембридж университеті баспасы департаментінің басқарушы директоры, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
Мәжит Ақбар – жазушы, Қытай Халық Республикасы;
Пряхин Георгий Владимирович – Орыс әдебиеті академиясының вице-президенті, Ресей Федерациясы;
Пуиг Мария Санчес – Мадридтегі «Комплутенсе» университетінің профессоры, Испания Корольдігі;
Хачатрян Шушан – Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы, Армения Республикасы;
Хуанчжан Ха – аудармашылар қауымдастығының аға аудармашысы, Қытай Халық Республикасы;
Шатқам Қажымұхамет – жазушы, Иран Ислам Республикасы.