Филармония арналған «Во имя музыки» атты концерт өткізді
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Во имя музыки» атты концерт өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, филармония осы концертімен өзінің 90-маусымын жапты.
Кеште филармонияның солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен мемлекеттік наградалардың иегерлері өнер көрсетті. Концерт барысында Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың шығармалары, ұлттық әндер мен күйлер, сондай-ақ әлемдік классиканың бірегей туындылары шырқалды. Концертте көрнекті композитордың өмір жолы, шығармашылығы мен рухани мұрасына арналған көрме өткен. Осылайша, «Во имя музыки» концерті филармонияның мерейлі 90-концерттік маусымын қорытындылады.