Енді жаңа театрлар мен университет ашылады
Қазақстанда мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Кейінгі бес жыл ішінде ел бойынша 274 жаңа мәдениет нысаны бой көтеріп, 1293 нысан жөндеуден өтті. Қазір Ақтөбе мен Қонаевта жаңа театрлар салынып жатыр, ал Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің мәліметінше, соңғы бес жылда мәдениет саласын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Осы кезеңде 274 жаңа мәдениет нысаны пайдалануға беріліп, 1293 нысанға жөндеу жүргізілген.
Биыл елімізде тағы 64 мәдениет нысанының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар 130 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше жаңа театр ашылды. Атап айтқанда, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры, Түркістан музыкалық-драма театры және Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры пайдалануға берілді.
Қазір Ақтөбе мен Қонаев қалаларында жаңа драма театрларының құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ алдағы уақытта:
Сонымен бірге Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар және жасөспірімдер театрының ғимараттары қайта жаңғыртылуда.
Мәдени және туристік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар да жалғасып жатыр.
2025 жылы Астанада жаңа Өнер музейі ашылды.
Бұдан бөлек:
Өткен жылы демеушілердің қолдауымен Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі күрделі жөндеуден өтті. Ал Орталық мемлекеттік музейде желдету және кондиционерлеу жүйелері жаңартылды.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп өңірлердегі мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар кітапханаларды жаңғырту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылып жатыр.
2025 жылы:
Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі студенттеріне арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталды.
Сонымен бірге Александр Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің ғимараты қайта жаңғыртылып жатыр.
Мамандандырылған үш музыкалық мектептің жаңа ғимараттарын салу мәселесі пысықталуда. Қазіргі таңда эскиздік жобалар әзірленіп, жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкентте жаңа Мәдениет және өнер университетін құру жұмыстары басталды.
Оқу орны Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мәдениет және өнер факультеті негізінде ашылады.
Жаңа университетте:
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында Құрманғазы емес, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалын ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Петропавлда жыл сайын мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 талапкерді қабылдау жоспарланған.
Дарынды жастарды қолдау мақсатында мемлекет жыл сайын өнер саласындағы жоғары оқу орындарына 1000-нан астам білім грантын бөледі.
Колледждерге қосымша 500-ден астам грант қарастырылған.
Бүгінде Астана мен Алматы қалаларында өнердің барлық бағыты бойынша маман даярлайтын төрт шығармашылық жоғары оқу орны жұмыс істейді.