Шымкентте елорда күніне орай онлайн концерт өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Концертті жергілікті телеарналар да көрсетті

Фото: 24.kz

Шымкентте елорда күніне орай мерекелік концерт әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Ел астанасына тартуды кез келген азамат әлеуметтік желіде онлайн тамашалады. Концертті жергілікті телеарналар да көрсетті. Шымкенттіктер алғаш рет елорда күнін көшеде емес, үйлерінде қарсы алды. Жалпы, халықтың серуендеуіне шаһарда карантинге байланысты рұқсат жоқ. Көрермендерге арналған кеште оңтүстік өңірінің танымал жұлдыздары өнер көрсетті. Концертте туған жер, отан туралы әндер шырқалды», - деп жазылған ақпаратта.