Депутатқа жауап, зейнетақы жинағы мен Навальный факторы - сарапшымен сұхбат

«Азат алаң» қонағы - Мақсат Халық

Осы аптада Мәжіліс депутаты Александр Милютин ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60-қа дейін төмендету керек деп жұртты елең еткізді. Оның айтуынша, көп қазақстандықтың жалақысы мардымсыз, зейнетақы жинағы да аз. Сондықтан, депутат зейнетақы жүйесін қайта қарауды талап етіп, премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Дегенмен, Милютиннің ұсынысына Үкімет басшысынан бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дереу жауап қайтарып, елімізде зейнет жасын төмендету қарастырылып жатпағанын мәлімдеді.

Ал экономист Мақсат Халық Мәжілістегі «Қазақстан халық партиясы» өкілінің ұсынысына «популизм» деп баға берді. Неге? Елімізде орташа зейнетақының көлемі қанша болуы керек? Зейнетақы жинағын пайдалану пәтер бағасына неге әсер етті? Үкімет неге үнсіз? Бұл сұрақтарға сарапшы Мақсат Халық «Азат алаң» бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.