«Азат алаң» қонағы – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек
Қарағанды облысының әкімі уәдесіне қаншалықты берік? Жеңіс Қасымбек өңір тұрғындарынан не үшін кешірім сұрады? Аймақ халқы жол азабы мен көмір жағудан қашан құтылады? Облыс экономикасына қатысты ірі өндіріс алпауыттарына кіріптар болмас үшін не атқарылып жатыр? Баспана мен жер әділ бөлініп жатыр ма? Коронавирус статистикасы шынайы ма? Осы және басқа да сұрақтарға аймақ басшысы «Азат алаң» бағдарламасында берген ашық сұхбатында жауап берді. Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек ішкі көші-қон, жұмыссыздық жайлы айта келе, жалақысы мен меншігінде не барын да жасырмай айтты.