Ұлттық валюта күні қарсаңында бұрынғы бас банкир Ғалым Байназаровпен сұхбат
Қазақстанның ұлттық валютасы айналымға алғаш рет осыдан 27 жыл бұрын, Ғалым Байназаровтың тұсында енген болатын. 1993 жылдың 15-ші қарашасынан бері теңге бірнеше рет девальвацияға ұшырап, 86 есе құнсызданыпты.
«Азат алаңға» ашық сұхбат берген бұрынғы бас банкирдің айтуынша, алдағы уақытта доллар 500 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Ал төл валютаны еркін айналымға жіберген Ұлттық банктің әрекеті дұрыс па? Теңге бағамын белгілеп отырған алыпсатарлар екені рас па? Неге мемлекеттің коммерциялық банктерге сөзі жүрмейді? Үкіметтің халыққа 1 пайызбен несие беруге шамасы жете ме? Елімізде қаржы нарығы неге тұрақсыз? 20 мың теңгеден жоғары банкнот айналымға шығуы мүмкін бе?
Осы және өзге де сұрақтарға 15 қараша – Ұлттық валюта күні қарсаңында бұрынғы бас банкир Ғалым Байназаров жауап берді. Сондай-ақ ол теңгенің дизайны мен электронды ақша туралы, не себепті өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша 17 күн түрмеде отырғаны жайында айтты.