Тегін берілетін дәрі, локдаун режимі, Кавасаки синдромы – вице-министрмен сұхбат

Автор: Azattyq Rýhy

«Азат алаң» қонағы – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді.
Мәселен, өткен тәулікте вирус республика бойынша 322 адамнан ғана анықталған. Бұл наурыз айынан бергі ең төмен көрсеткіш екен. Сондай-ақ өткен аптамен салыстырғанда өлім-жітім деңгейі де күрт кеміген. Бірақ вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, босаңсуға әлі ерте. 
Сонымен науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмек, емдеу протоколы, Кавасаки синдромы, медициналық маска бағасы мәселелері, жалпы КВИ-ға қатысты соңғы мәліметтер «Азат алаң» бағдарламасында талқыланады.