Оқиға мейрамханалардың бірінде болған
Продюсер Баян Алагөзова тойлардың бірінде тамаданы таңғалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеода продюсердің тойда жүргені байқалады. Мейрамхананың бірінде «ұтыстан сыйлық ұттым» деп ойлап қалған ол, асаба тұрған сахнаға жүгіріп шықты.
Асаба оны көргенде «Сізді тірідей көріп, қатты таңғалып тұрмын», – деп әзіл айтып, залды күлкіге қарқ қылды.
Алайда ол Баян Алагөзованың ештеңе ұтпағанын айтып орнына қайтарды.
Желі қолданушылары асабаның бұл қылығын теріске балап, қонақты құр қол қайтарғанын сынап жатыр.
«Қуанып шығып еді», «Ой, тамада, елпеңдеп жүгіріп шыққанда, меселін қайтармай , бере салмайсыз ба», «құр алақан қайтармай сол ұтысты бере салмадыңдар ма, әңгіме бай бақуатта емес, көңіл ғой», - деп жазып жатыр олар.