Модель қазақстандықтарға сәлем жолдады
Қазақстандық Ақжан есімді бойжеткен Дубайда өзінің парфюмін таныстырған модель Белла Хадидпен кездесіп, оған «Қазақстан» шоколадын сыйға берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен өзім де білмей қалдым, бірақ осылай болды. Барлық қазақстандыққа Белла сәлем жолдайды. Өмірде ол қарапайым әрі ашық-жарқын екен», - деп жазған ол.
Қазақ қызы топ-модель Қазақстанда да оның аудиториясы бар екенін жеткізіп, брендке айналған «Қазақстанә шоколадын сыйға тартқан.
Белла Хадид – әлемге әйгілі америкалық супермодель. Белла өзінің карьерасын жасөспірім кезінен бастап, түрлі сән көрсетілімдері мен фотосессияларда көрінген. Ол Versace, Chanel, Dior, Bulgari, Valentino сияқты брендтермен жұмыс істеген. Белланың ерекше көрінісі мен кәсіби шеберлігі оны қазіргі заманғы сән әлемінің ең ықпалды модельдерінің бірі етті. Ол сонымен қатар әлеуметтік желіде белсенді, өз жанкүйерлерімен жиі байланыста болады.
Еске салсақ, Белла Хадид АҚШ-та дүниеге келген. Ол голланд текті модель Йоланда Хадид пен палестиналық құрылысшы Мохаммед Хадидтің отбасында туған. Мохаммед Хадидтің отбасы 1948 жылдың соңында Галилеядан көшіп, алдымен Сирияға, содан кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Израиль Газа секторына шабуыл жасаған кезде де модель Палестинаны қолдаған еді.