Қайрат Нұртастың інісі әке атанды

Автор: Аягөз Құрмаш

Заңғар Нұртас пен әйелі ұлды болды

Фото: https://www.instagram.com/zangaar/

Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас жақында жұбайының аяғы ауыр екенін жария еткен еді. Ол бүгін әке атанғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Қош келдің, Әміре. Ең керемет сыйлық үшін алғыс», - деп жазған ол әлеуметтік желіге. 

Немересін перзентханадан шығарып алуға продюсер Гүлзира Айдарбекова да келген.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін босанғаны хабарланған болатын.