Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы алғашқы концертінде зал қазақша ән шырқады (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның інісі де сахнада өнер көрсетті

Фото: https://dimashnews.com/

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы тұңғыш жеке концерті Мехико қаласының ең әйгілі концерт залдарының бірі «Auditorio Nacional» сахнасында өтті. Концерт барысында лық толы зал оның «Ұмытылмас күн» әнін қазақша шырқады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Концерт басталмай жатып-ақ залдың дәліздерінде мексикалық тыңдармандар үлкен топ болып елдің ұлттық әндерін шырқап, Димаштың есімін футбол жанкүйерлеріндей ұрандатып, ерекше әсерлі атмосфералық көңіл-күй сыйлады.

«Қайырлы кеш, Мексика! Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету – мен үшін арман болатын. Сіздердің шексіз сүйіспеншіліктеріңіз бен энергияларыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздер мені өз үйімде жүргендей сезіндірдіңіздер. Бүгінгі кеште әрбіріңіз сиқырға толы жұмбақ сезімді сезінесіздер», - деді Димаш.

Кештің әсерлі бір сәтінде Димаш: «Отбасымыздағы ең үздік музыкантты қарсы алыңыздар. Ол аспапта менен де жақсы ойнайды, тек сіздер оны оған айтпаңыздар», – деп әзілдеген Димаш көрерменнің күлкісін тудырды.

Әбілмансұр электрогитарада әсерлі орындауымен тыңдарман ықыласына бөленді. Ал қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра, сыбызғы және қобыз үні «Адай», «Дүрдараз», «Stranger» және жаңа туындысы «Самғау» композицияларында ерекше үйлесе кетті.

Концерт соңында Димаш көрермендеріне жүрекжарды алғысын білдірген.

«Достар! Сіздер мәңгі менің жүрегімдесіздер. Сіздердің қолдауларыңызсыз бүгінге дейінгі жасалған жұмыстардың бірі болмас еді. Музыкант ретінде мен испан және мексикалық музыкадан ерекше шабыт алатыным рас. Мексикалық көрерменмен алғаш Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Канело Альварес арасындағы жекпе-жек алдында Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаған кезімде кездескенмін.