Блогер әншінің киген киімдерінің құны жайлы жұрт білмейтін құпияны ашты
Белгілі әнші Ерке Есмаханның үстіндегі бір образының құны қанша екені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер Айым Байғанова әншінің киген киімдерінің құны жайлы жұрт білмейтін құпияны ашты.
«Үстіндегі күртешесі Prada брендінен, ресми сайтында оригинал нұсқасының құны 1,7 млн теңге тұрады. Аяқ киімі де дәл осы брендтің «Monolithboots» нұсқасынан, «қалташасы бар бәтеңке» деп аталады. Құны – 700-800 мың теңге аралығында», - дейді блогер.
Айта кетейік, осыған дейін Баян Алагөзованың киген киімдері мен әшекейлерінің бағасы айтылған болатын.