$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Фотошоп па?»: 51 жастағы Баян Алагөзованың мүсіні пікірталас тудырды

Ол желіде купальникпен түскен суреттерін жариялады

«Фотошоп па?»: 51 жастағы Баян Алагөзованың мүсіні пікірталас тудырды
Фото instagram.com/bayanmaxatkyzy

Белгілі тележүргізуші және продюсер Баян Алагөзова желіде купальникпен түскен суреттерін жариялап, қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Желіде қызу талқы

Қазақстандық танымал тележүргізуші, актриса әрі продюсер Баян Алагөзова 51 жасында өзінің фигурасын көрсетіп, демалыстан бірнеше сурет жариялады. Ол фотосуреттердің астына: «Сама для себя идеал, сама для себя богиня» деп жазған.

Алайда желі қолданушылары екіге бөлінді. Бір бөлігі Баянның сымбатын жоғары бағалап, жылы пікір қалдырды; Екіншілері суреттердің табиғилығына күмән келтіріп, «фотошоп пен пластикалық отаның нәтижесі» деп жазды.

Пікірлер екіге жарылды

Жазбаның астында мыңдаған пікір қалдырылды. Соның ішінде:

  • «Супер фигура. Керемет көрінесіз»
  • «Операция жасатқаны көрініп тұр»
  • «Жас қыздар да қызығарлықтай»
  • «Фигура сіздікі емес сияқты. Дженнифер Лопес келгеннен кейін ғана ашық суреттер жариялап жүрсіз»
  • «Қандай әдемі! Қызғанбаймын, тамаша көрініс»

Көпшілігі Баянның жасына қарамастан мүсінін сақтап қалғанына таңданысын білдірсе, енді бір бөлігі оның сыртқы келбетін табиғи емес деп сынады.

Серіктес жаңалықтары