Нұрлан имам олардың үйіне қоныс тойға барып, иесіне шапан жауып кетті
Олигарх Жұмабек Жанықұлов зайыбы Динара Сәтжанның туған күнінде Астанадағы зәулім үйінде қоныс той өткізіп, сыйлы қонақтарға ас берген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қоныс тойдан фото-видео жүктеген ол жаңа үйдегі алғашқы дастарханға Құран оқып, батасын берген Нұрлан Байжігітұлын ерекше атап өткен. Нұрлан Байжігітұлы олигархқа шапан жауып, сый көрсеткен екен.
«Жұрттар имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапты жапты. Жұмабектің имамы», - деп жазған олигарх Нұрлан Имамның видеосын жүктей отырып.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан (Жанықұлова) Астананың қақ ортасында зәулім үй салдырып, оның жөндеу жұмыстарын көрсеткен еді.